Павлодар облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары тағайындалды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мыңбай Асылбеков Павлодар облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.