Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 қараша күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде қар жауып, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-батыста ауа райы қалыпты болады. Дегенмен кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.