Астанада «Шабыт» фестивалі қорытындыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада XIX «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі мәресіне жетті. Бүгін Қазақ Ұлттық Өнер университетінің Жамбыл Жабаев атындағы концерт залында фестивальдің қорытындысы шығарылып, байқауға қатысушыларға лауреаттық және атаулы сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының мәдениет және мұрағаттар және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.