Тоқаев экономикалық мәселелерді саясаттан тысқары ететін инновациялық қадамдарды пайдалануға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана клубының Еуразия дамуының басты мәселелерін талқылауға арналған халықаралық сарапшылық алаңы отырысында сөз сөйледі. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры ұйымдастырған іс-шараға әлемнің түрлі елдерінің экономика, саясат және халықаралық қатынастар саласындағы 50-ден астам жетекші сарапшылары қатысты.