ҚР Үкіметінің «Дарын» сыйлығын беру жөніндегі комиссия қорытынды отырысын өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қараша күні Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде аталмыш ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаевтың төрағалық етуімен ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметінен.