Елбасы бейнеленген банкнотқа күллі әлем коллекционерлері қызығушылық танытуда - Хлебников
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың портретімен банкнот шығару айтулы оқиға болып табылады. Бұл жаңалық жұртшылықтың назарына ілікті, деп санайды Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ баспасөз қызметінің басшысы, социология магистрі Игорь Хлебников.