Үндістан ЕАЭО елдерімен сауданы дамытуға ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссиясының Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар департаментінің директоры Игорь Гаевский Үндістанның Ресейдегі елшілігінің экономика бөлімінің жетекшісі, бірінші хатшы Амит Телангпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.