БҚО-да «Нұр Отан» қатары 7 мыңнан астам адамға толықты
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында күні бүгін «Нұр Отан» партиясының 271 бастауыш ұйымы болса, жыл басынан бері партия мүшелері 7297 адамға толығып, 33336-ға жетті. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының ХХ есеп беру - сайлау конференциясында облыс әкімі, филиал төрағасы Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.