ЕҚДБ-мен ынтымақтастық аясында Қызылорда облысында 250 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба келісілді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Кеше, 22 қарашада сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының отырысы аясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен Еуропа қайта құру және даму банкі(ЕҚДБ) президенті Сума Чакрабарти Қызылорданың жылумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту және құрылысын қаржыландыру, сондай-ақ, облыстың электрмен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғырту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.