Қарашада қыс қаһарына мінді - апталық шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарашада қаһарына мінген қыс ел Үкіметін біраз әбігерге салды. Оңтүстіктегі қалың қар, солтүстік пен шығыстағы 1 аптаға созылған үскірік аяз жергілікті атқарушы билікті де бір қысып алды. Сондықтан да осы аптада өткен Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев негізгі күн тәртібіне көшпестен бұрын жылу беру маусымына байланысты бірқатар облыстың әкімдерінен есеп алды.