Оқитын кісіге оқулық жеткілікті
Үстіміздегі жылғы қазан айында Ассамблеядан сайланған Мәжіліс депутаты Шаймардан Нұрымов Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке депутаттық сауал жолдап, қазақ тілінің проблемаларын қозғаған еді. Ұлты ұйғыр ағайынымыздың Мемлекеттік тілге жанашырлық білдіріп, оның проблемаларын шешуді ұсынғаны сауал туралы естіген жанның бәріне ұнап қалған-тын.