БҚО-да жер-су атауларын зерттеген ғалымның еңбегі аталып өтілді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде доцент, филология ғылымдарының кандидаты, Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері, өлкетанушы Ұлдай Ержанованың 60 жылдық мерейтойына орай «Қазақ тіл білімі мәселелері және Батыс Қазақстан ономастикасы» тақырыбында дәстүрлі V облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.