Ақмола облысының бірқатар елді мекендерінің көгілдір отынға қолдары жетуі мүмкін
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагин республиканы газбен қамтамасыз етудің бас жобасын жүзеге асыру аясында өңірімізге жұмыс сапарымен келген «КАТЭК» инжинирингтік компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.