Ақтауда өртенген «Масат» базарында өртке қарсы гидрант болмаған
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудың «Масат» базарында болған өрттен зардап шеккен тұрғындар мен кәсіпкерлердің сауалдарына жауап бере отырып, Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері өртті ауыздықтау барысында кездескен қиындықтар туралы айтып берді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер 24 тонна су сыятын автоцистерналармен келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.