Бүгін Қазақстанның оңтүстігі мен батысында ғана қар жаумайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстаннның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, тек елдің оңтүстігі мен батысына ғана қар түспейді. Елдің бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.