Иерусалимде жүк көлігі жүргіншілерді қағып өтті: зардап шеккендер бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иерусалим орталығында, Көне қала қабырғасына жақын маңдағы көшеде жүк көлігі желек жолда серуендеп жүрген бір топ адамды қағып өткен. Салдарынан кемінде 15 адам жарақат алды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.