Дүйсенбі күні елдің басым өңірі тұман құрсауында болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек елдің солтүстік және батыс аймактарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз күн райы сақталады, жауын-шашын жауады.