Өткен жылы Қызылорда облысында 20 098 сәби дүниеге келді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында былтырғы жылы 5724 шаңырақ көтерілген. Алайда оның 1863-нің некесі бұзылып үлгіріпті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Қалдыбек Сапаров мәлімдеді,-деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.