Астаналық автобус жүргізушілерінің жалақысы қызмет көрсету сапасына қарай төленеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астананың көлік кешенін дамыту мәселелеріне арналған қоғамдық тыңдаулар барысында қала әкімі Әсет Исекешев автобус жүргізушілерінің жалақыларын реттеп алуды тапсырды. Себебі осы санаттағы мамандардың тапшылығы байқалады. Бүгінде елордаға бір жарым мың автобус жүргізушісі керек. ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген жолаушылар көлігі басқармасының міндетін атқарушы Бекмырза Игенбердинов жалақы мәселесінің қалайша реттелетіні жайында айтып берді.