Астанада жаңа үлгідегі жылы аялдамалар орнатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолаушылар көлігі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, бүгінде жылы аялдамалардың үш эскизі бар. Соның барлығы қазіргі жылы аялдамаларға еш ұқсамайды. Қала әкімдігі барлық үлгілерді халықтың талқысына шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.