Сағынтаев жаңа министрлер алдына міндеттер қойғанын айтып өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаулысымен қайта ұйымдастырылған Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz.