Көкшетауда ҚР Еңбегі сіңген мәдениет қызметкерінің құрметіне мемориалды тақта ашылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ҚР Еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Манарбек Бексейітовтің құрметіне мемориалды тақта ашылды. Гагарин көшесінің бойындағы №54 үйдің қабырғасына орнатылған тақтаның ашылуы салтанатына өнер иесінің туған-туыстары, бұрынғы әріптестері, ізбасарлары мен зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.