Конституциялық реформа Парламентке құзырет қана емес жауапкершілікті де жүктейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде үндеу жариялады. Мемлекеттегі біршама саяси, конституциялық реформаларға арқау болатын бұл үндеуді Елбасының өзі «еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселе» деп бағалаған.