Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Январь
2017

Ғабит Мүсірепов – сөз зергері

0

Ғабит Мүсірепов – сөз зергері

«Үндестік деген екі дауыстың бірдейлігі емес, ең кем екі түрлі дауыстың қиысуы емес пе? Сөз көркемдігі осы мінездес. Бір сөз бір сөзге жарығын да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады».

            Ғ. Мүсірепов.

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов – ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға. Оның әйгілі әңгіме, пъеса, романдары ел өмірінің ең бір елеулі кезеңдерін – дала азаматының рухани өзгерісін, қилы – қилы қия белін бейнелейді. Көр үнді, көп дауысты мұрасын зерделесеңіз, үлкен қаламгерді ерліктің жыршысы деп бағалар едіңіз. Көз алдыңыздан ылғи бір көтеріңкі рухты – ерлігі де, елдігі де берік жайсаң жандар тасқыны өтіп жатады. Ғабең – таза сезімді, азаматтықты жырлап өткен ақын жанды қалам иесі.

    Ғабең – ақиқат ғұмыр кешкен, қиын – қыстау сәтте азаматтық ер тұлғасынан айнымай, алыс – жақынды болжап, адалдықтан ауытқымай өткен абзал жазушы. Артына қалдырған мұрасы туған әдебиеттің биік мәдениетіне, философиялық тереңдігіне, байтақ өрісіне, рухани маңызына айқын айғақ.

    Мүсірепов – ана тіліміздің ел таныған шебері. Оның зері мен өрнегі, мүдіріссіз жазу мәнері тіліміздің сұлулығы мен икемдігін бай мүмкіншілігін паш етіп, шексіз ләззатқа бөлейді.

    Халықтың рухани байлығы – шын мәніндегі көркем әдебиетті жасайтын тек қана табиғи ұлы дарындар екені талассыз шындық. Қазақ халқының ХХ ғасырдағы өскен әдебиетін бүкіл әлемге танытқан да сол алып дарындар болатын. Туған елінің ХХ ғасырдағы көркем әдебиетін саф алтындай талай – талай шығармаларымен байытып, абыройын биіктеткен Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин сияқты алыптар тобының қатарында тұрған – Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов те бар.

Ғабит Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында, Жаңа жол ауылында кедей шаруа әулетінде туған. Әуелі ауылында ескіше оқып, сонан соң, 14 жасында Серғали деген жұмыскер нағашысының көмегімен, Обаған деген жердегі екі кластық орыс мектебіне оқуға түседі. Осы мектепте ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің белгілі өкілі, әрі ақын, әрі көрнекті педагог Бекет Өтетілеуов орыс тілінен және орыс әдебиетінен сабақ беретін еді. Болашақ жазушы сол адамнан сабақ алады. Ғабит әдебиетке бала кезінен құштар болады, халықтың сан ғасырлар бойы сақталған асыл қазынасы – ауыз әдебиетін көкейге ұялата береді. Үлкендерден естіген қиял тербетер ғажайып ертегілерді, қызық оқиғалы қисса шығармаларды жадына тоқып, өзі басқаларға әңгімелеп беруді дағды етеді. «Бекет менің қиссаға құмарлығымды білгеннен кейін, мені әдебиетке тарта бастады» деп жазады жазушы «Автобиографиялық әңгімесінде».

Бекет Өтетілеуов әдебиетке құмар талантты шәкіртті екі кластық орыс мектебін бітіргеннен кейін, оның Пресногорьковтағы жоғарғы бастауыш училищеге түсуіне көмектеседі. Училищеде Ғабит ұстазының кеңес беруімен А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.В.Гогольдің, М.Горькийдің, Джек Лондонның шығармаларын зор зейін салып құмартып оқиды. Әдебиетке құштарлығы арта түседі. Ғабит училищені бітірген соң, 1923 - 1926 жылдары Орынбор қаласындағы жазушы факультетінде оқиды. «Рабфакты бітірер кезде жазу талабы менде де ояна бастады» деп еске алады жазушы өмірбаяндық әңгімесінде. «Қабырға газетіне бірінші рет ұзақ әңгіме жаздым, кейін ол «Тулаған толқында» деген повестке айналып, менің бірінші басылып шыққан еңбегім болды... Ол бір болған оқиғаның төңірегінен туған әңгіме еді».





Губернаторы России
Москва

Собянин сообщил о планах благоустройства Южного округа Москвы





Москва

"СВЯТОЙ ЛЕНИН" раскрыл загадку В.В. Жириновского и В.Г. Мессинга. СЕНСАЦИОННЫЕ ДАННЫЕ!


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин анонсировал большую летнюю спортивную программу



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Сергей Лазарев

«Сергей Лазарев за все платит»: диско-бабушка из Коми рассказала, как ей искали квартиру




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

ТАСС: Паралимпийский комитет России провел урок и мастер-классы для участников СВО

ЦСКА разорвал дистанцию // Армейцы увеличили преимущество в финальной серии Единой лиги ВТБ

Сергей Собянин. Главное за день


Ролан Гаррос

Теннисист Рублев вышел во второй круг Открытого чемпионата Франции



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

В Мытищах 30 мая откроется выставка творческих работ «Чудесная страна»



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России