Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан «Singer-2017» байқауының 2-кезеңін де жеңді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін кешқұрым Қытайдың Чаңша қаласында өтіп жатқан «Singer 2017» ән байқауының екінші кезеңі эфирге шықты. Жерлесіміз Димаш Құдайбергенов бұл жолы да ерекше шеберлігімен баршаны таңғалдырып, бұл кезеңнің бас жүлдесін қанжығасына байлады.