Тараздық студенттер Универсиада құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін жамбылдықтар 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың алау эстафетасын қабылдады. Салтанатты рәсімге орай Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері мерекелік концерт ұйымдастырды. Бұл туралы ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметінің басшысы Жандар Асан мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.