Шымкенттік ойыншықтар экспортқа шығарылады
Шымкент. ҚазАқпарат - Шымкенттің ойыншықтары жуық арада экспортқа жол тартпақ. Соңғы уақытта кең сұранысқа ие болған өнімдер халықаралық талаптарға сай бірнеше тексерулерден өтіп, экологиялық жағынан таза деп танылған, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.