Ақтөбеде мемлекеттік қызметкер кешенді аттестацияда «үштік» алды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлер аттестациядан өтіп жатыр. Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша 17 қызметкер «өте жақсы», 133-і «жақсы», біреуі «қанағаттанарлық» деген баға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.