«Жас Отан» жастар қанаты Елбасы Жолдауын түсіндіру жұмыстарына белсене кірісті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық үшінші жаңғыру: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы мен билік тармақтары арасында өкілеттікті бөлу конституциялық реформасының жобасын түсіндіру мақсатында елордадағы «Көк базар» қызметкерлірмен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.