Жанар Дұғалованың жаңа клипі жарыққа шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ эстрадасындағы белгілі әнші, композитор, «Turkvizyon-2014» байқауының жеңімпазы Жанар Дұғалова тыңдармандарына су жаңа клипін ұсынды. «Ала кетпедің» атты жаңа туындының әнін де, сөзін де Жанардың өзі жазған.