2017 жылы 21 мың адам ақысыз техникалық және кәсіби оқумен қамтылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақысыз кәсіби-техникалық білім мектептен кейін оқу орындарына түспеген жастарға ұсынылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.