Димашты «Америка дауысына» былтыр да, биыл да шақырды - PR-директор Шәрімов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы «I am a singer» xалықаралық байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шәрімовтің айтуынша, Димаш Құдайбергеннің АҚШ-тың «The Voice» - «Америка дауысы» конкурсына қатысатыны я қатыспайтыны әлі белгісіз, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.