Ақтөбедегі тұрғын үй нарығында сұраныстан ұсыныс көп
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде пәтер сатып алушылардан, пәтер сатушылар саны көп. Тұрғын үй нарығында баға тұрақты. Дегенмен, пәтер сатып алушылардың 70 пайызы несие рәсімдеу үшін екінші деңгейлі банктердің қызметіне жүгінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.