Талдықорғанға 62 млрд теңге инвестиция тартылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Былтыр Талдықорған қаласын дамытуға 62 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 млрд теңгеге артық. Әрі оның 50 пайыздан астамы жекеменшік қаражат. Бүгін бұл жөнінде қала әкімі Бағдат Қарасаевтың халық алдында есеп беру жиынында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.