ОҚО-да 700 мыңнан астам адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 700 мыңнан астам адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Бұл туралы бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Әлібек мәлім етті.