Елорданың күш құрылымдары терроризмге қарсы оқу-жаттығуларын аяқтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО Антитеррор» жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығуы аяқталды. Елорданың терроризммен күрес жөніндегі жедел штабының қызметтері Астананың үш нысаны «Есіл» ауданының ІІБ ғимаратының маңында, «Сапаржай» автовокзалында және «Астана Арена» стадионында террористік қауіп туындаған жағдайдағы іс-қимылдарын пысықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.