Мұхамедиұлы Олимпиада жүлдегеріне пәтер неліктен берілмей жатқанын түсіндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионоваға бір бөлмелі пәтер неліктен берілмей жатқандығы белгілі. Оған бюджет қаржысын бекітудегі заңдық мәселелер себеп болуда. Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.