ОҚО-да су басқан жерлерде тәулік бойына апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында су басқан жерлерде тәулік бойына су сору жұмыстары жүргізілуде. Мақтарал ауданында жауын мен жер асты суларының көтерілуі салдарынан ауласын су алып кеткен үйлердің саны 58-ге жеткен. Қазір бұл елді мекендерде апаттық-құтқару шаралары атқарылуда, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.