Димаш Құдайберген келесі кезеңде «Дайдидау» әнін орындайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда өтіп жатқан «Singer-2017» ән жарысының келесі кезеңінде әлемге танылып үлгерген қазақ әншісі Димаш Құдайберген халық әні «Дайдидау» әнін орындайды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.