Күн панельдерін кез-келген материал бетіне басып шығаруға мүмкіндік беретін тың әдіс табылды
Торонто университетінің инженерлері перовскиттен жасалатын күн панельдерін шығару технологиясын жетілдірді. Жаңа әдіс болашақта тиімділігі жоғары күн батареяларын газет сияқты оңай басып шығаруға мүмкіндік береді. Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі Science журналында жарияланған. Нарықтағы күн панельдерінің көпшілігін кристалды кремний қабаттарынан жасайды. Олар 1 000 °C-тан жоғары температурада жасалады. Сонымен қатар көптеген мөлшерде қауіпті ерітінділер қолданылады.