Бангкокта Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі таныстырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Бангкоктегі «Қазақстан таи бизнесінің әлеуетті нарығы» форумына қатысты. Таиланд Корольдігінің сауда министрлігі, Тай өнеркәсіп федерациясы, Қазақстанның Таиландтағы елшілігі ұйымдастырған шарада 300-ден астам әртүрлі салалардың кәсіпкерлері бас қосты, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.