Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың солтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күндіз аз ғана жауын-шашын күтіледі. Республикамыздың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі.