Астанада құлақтандыру жүйелері тексеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең 9 наурызда сағат 9.00-де Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2 минут бойы теле-радио арналарды ұстап қалумен, электродабылдарын қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелері тексеріледі. Аталмыш тексеру жоспарлы болып табылады және ай сайын жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.