ЕҰУ QS World University Rankings-тің «Физика» бағыты бойынша үздік ЖОО-лар қатарына енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 наурыз күні QS World University Rankings by Subject жыл сайынғы рейтингінің нәтижесі жарияланды. Бұл пәндік рейтингте Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Физика» бойынша аталмыш бағыт жүзеге асырылатын 1 110 ЖОО қатарынан көрінді.