Наурыз
Наурыз-көне иран сөзі,қазақша мағынасы "жаңа күн" дегенді білдіреді. Наурыздың 8-і аналар күні. Ал 22-сі қазақтар үшін жыл басы-жаңа жыл,күн мен түннің теңелетін күні.Сондықтан да Наурыз тойын -Ұлыстың ұлы күні деп атаған."Ұлыс" деген сөз мемлекет,ел деген мағнаны білдіреді. Жер беті бусанып ,қар еріп, көк шыға бастайтын бұл уақытты "жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер" шағы деп текке айтпаған. Мал төлдеп, қыстан шыққан халықтың аузы аққа тиіп,бір жасап қалады.