22 наурызда еліміздің көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 наурызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі сақталады, батыста жаяу бұрқасын, оңтүстіктің кей жерлерде шаңды дауыл, найзағай күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.