Асық ойыны қазақтың ұлттық бренді болуға жарап тұр - Ескендір Рахметов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік алғалы бері ұлттық ойындар қайта жаңғырып, ұлт мұрасы толыға бастады. Соның ішінде, әсіресе, асық ойыны қарқын алып, жаңаша түлеуіне жол ашылғаны кім-кімді де қуантпай қоймайды. Жыл сайын республикалық жарыстар өткізіліп, мектептерде оқытыла бастады. Бұл қазақ өміріне сіңіп кеткен құндылықтың қайта түлеуі болса керек. Заманмен бірге қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық ойындары да жаңғырып келеді. Қазірдің өзінде ел бойынша 80 мыңнан астам адам асық ату ойынымен кәсіби түрде айналысады екен. Ұлттық ойынымызды әлемдік деңгейде таныту жағы да қолға алына бастады. Арыдан келе жатқан көне ойынның аяқалысы туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Асық атудан Астана қаласы командасының аға жаттықтырушысы Ескендір Рахметов айтып берген болатын.