Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болып, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі және қатты жел соғады. Тек елдің оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік, солтүстік-батыста - бұрқасын, оңтүстікте - найзағай, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.