Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын жауып, қатты жел тұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын және қатты жел күтіледі, тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік, солтүстік-батыста, орталық өңірде бұрқасын, оңтүстік-батыста шаңды дауыл сақталады.