Сенатта мәдениет мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулер талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау аясында еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен, мәдениет мекемелерінің, оқу орындарының өкілдерімен, Астана, Алматы қалаларының, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының театр ұжымдарымен кездесті.